Тәртіп сақшылары Атырау-Дина Нұрпейісова станциясы бағытындағы вагондарда тексеріс жүргізді.
Оған "Жаңа уақыт" қоғамдық қорының өкілдері ат салысты. Құқық қорғау органдары мұндай нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспарын тұрақты түрде ұйымдастырады. Атырау желілік полиция бөлімінің қызметкерлері соңғы 5 айда 10 құқық бұзушылықты анықтаған.