Елімізде интернет алаяқтық дерегі көбейген.Дені - онлайн саудаға қатысты алдану және фишинг, яғни банк карталары мен өзге де деректердің әккілердің қолына түсуі фактілері. Әсіресе, алаяқтардың құрығына көп жағдайда мемлекеттік қызметшілер түсіп жатады. Сондықтан, құзырлы орган барлық мемлекеттік мекемелерде арнайы кездесу ұйымдастырды.