Облыста туристердің қызығушылықтарын тудыратын жоғары сұранысқа ие экотуризмнің негізгі бағыты – «Лотос» алқабы екені баршаға мәлім. Одан бөлек, Индер тұзды көлі, Қиғаш өзені мен Ақкегершін борлы таулары, Нарын құмдары мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты. Ал қала аумағында экологиялық туризмді ілгерлету үшін не істеу керек?