Жол, көше жарығы,сапасыз салынған әлеуметтік нысандар. Махамбеттіктер әкіммен кездесуінде осы мәселелерді көтерді. Өркениеттен жұрдаймыз деген халық жыл сайынғы құрғақ уәдеден жалықтық деп ашынды. Сондықтан, көпшілік түйіні тарқамаған түйіткілді іске асыруды талап етті. Ал шенеунік жұрттың жанайқайын ескеріп, барлық проблеманы кезең-кезеңімен шешеміз деп уәде берді. Тақырыпты әріптесім тарқатады.