Отбасы – ең үлкен құндылық. Осы тұста Мемлекет басшысы айтып өткендей, елімізде ерлі-зайыптылардың ажырасуын азайтып, жастарға аталған құндылықтар туралы түсінік берудің маңызы зор. Республика күні қарсаңында, облыс әкімдігінің қолдауымен аймақтағы үлгілі жанұялардың басын қосқан салтанатты шара өтті.