Нашақорлық – қазіргі қоғам дерті. Тұтас ұлттың қауіпсіздігіне қатер төндіретін аса қауіпті кесел. Десе де, елімізде есіріткіні қолдану мен тарату, сату деректері азаймай тұр. Мәселен, республика бойынша осыдан 5 жыл бұрын 5 келі психоактивті зат тәркіленсе, былтыр бұл көрсеткіш 1 тоннаға жеткен. Ал, облыста жыл басынан бері есірткі қылмысына байланысты 90 дерек анықталған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе көп.