Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Атырау өлкетану оқулары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара барысында өңірдегі табиғат, география, топономика, археология, этнография, фольклор, тарих, ескерткіштер, мұражай ісі мәселелеріне арналған өңірлік зерттеуші-ғалымдардың, өлкетанушы ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, талқыланды.