Атырауда 7 жастағы қыз бала ескерткіштің астында қалып, қайтыс болды. Оқиға қаладағы саябақтардың бірінде болған. Қазір полиция мән-жайды анықтап жатыр. Ал алып ескерткіш астында қалған тағы екі адамның жағдайы қалай? Толығырақ әріптесім Ақмарал Бисембай баяндасын.