2029 жылы Атыраудағы барлық апатты үйлер сүріледі. Қазір ол үшін арнайы жол каратасы әзірленіп жатыр. Бұл мәселе өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысында айтылды. Бұдан бөлек, жиында қаржыландыру көздері есебінен 3,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 4 мың жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдеріне инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым тарту мәселелері қаузалды.