«Үміт еткен көзімнің нұры балам» осындай атауда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына арналған семинар практикумы өтті. Мақсат – ерекше балалардың білім саласындағы әлеуетін арттырып, қоғамнан оқшауланбай, қалыпты өмірге дағдыландыру. Қазір облыста 6256 ерекше білім беруді қажет ететін бала бар.