Жыл басынан бері Атырауда өзге елден көшіп келген 5 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алған. Соның ішінде Атырау облысында 108 этникалық қазақ азаматтық алды. Туған жерге оралған қандастарымыздың көбі орта жастағы азаматтар. Ресми статистикаға қарағанда, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 132 мыңдай отандасымыз оралған.