Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Жадымда тұр жаңғырып» атты естелік кітабының тұсаукесері өтті. Туынды да өңір білімінің әлеуетін арттырып, табан аудармастан сүбелі үлес қосқан Қадим Оңғарсыновтың тағдырнамасы жазылған. Ұлағатты ұстаздың сара жолымен өрнектелген еңбекті сан-саладағы өңірге сыйлы азаматтар және жақындары тұсауын кесіп, естелік туынды қалың оқырманға жол тартты. Толығырақ сюжетте.