Құтқарушылар 8 айлық сәбиді бір өлімнен аман алып қалды. Оқыс оқиға қаладағы Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Көршілері түтін иісін бірден сезіп, өрт сөндіру бөліміне хабарласқан. Дереу әрекет еткен төтеншеліктер үй ішіне терезе арқылы кіріп, балғынды алып шығады. Медицина қызметкрелері сәбиге алғашқы көмек көрсетті.. Денсаулығына еш қауіп жоқ. Абырой болғанда өзге тұрғындар зардап шекпеді. Ал ата-анасы баланы не үшін үйде жалғыз қалдырып кеткені белгісіз. Қазір құзырлы орган мән жайды анықтайды. Жалпы жыл басынан бері мұндай 30-дан аса факт тіркелді. Сондықтан, мамандар өрт кезіндегі қауіпсіз ережелерін сақтауға кеңес береді.