Атырауда Жайық өзенінің су деңгейі түсіп келеді. Дегенмен қауіпті меже сақталып тұр. Ал, аудандардағы ахуал бәз баяғыша. Мәселен, Махамбет пен Индерге қауіп төніп тұрған жоқ. Талдыкөл тұрғындарын эвакуациялау әлі де жалғасып жатыр. Қала іргесіндегі Жаңаталап пен Еркінқалада су деңгейі шекті межеге таяп қалды. Аймақтағы ахуалды.Лаура Қисметова айтып берсін.