Балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына орналасу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Атырау облысы әкімдігінің қаулысымен Мектепке дейінгі ұйымдарда 194 тәрбиеленуші ата-ана жарнасынан босатылған. Сондай-ақ, биыл 45 мемлекеттік, 76 жекеменшік бөбекжай мемлекеттік тапсырыс алып отыр. Жыл басынан бастап мемлекеттің-жекеменшік әріптестік аясында 290 орындық 3 балабақша қолданысқа берілді.