Маңғыстауда өткен «Абысын-ажын» сайысынан Атыраулық Тақуз атадан тараған ұрпақтардың келіндері бас жүлдені иеленіп, республикалық байқауға қатысуға жолдама алды. Жеңімпаздарды Атырау темір жол вокзалынан облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» басшылығы және жақындары сән-салтанатпен күтіп алды.