Су тасқыны кезінде өзге өңірлерден келген күштік құрылымдар біртіндеп аймақтарына кетіп жатыр. Бүгінде көмекке келген 250 арнайы техника өз жұмысын аяқтады. Күні бүгінге дейін өзге аймақтардан барлығы 335 вагонмен 2187 адам тасымалданды. Сонымен қатар, өзге өңірлерден келген барлығы 375 арнайы техниканы ҚТЖ қабылдап, апат қарқыны жоғары аймақтарға толықтай бөлінді.