Атыраулықтар тасқын судың алдын алу жұмыстарына қатысқан әскерилер мен төтенше жағдай қызметкерлерін шығарып салды. Өңірді тасқыннан қорғау үшін Қорғаныс министрлігінің №30212, №5571, №6655, №82796 әскери бөлімдерінің, Маңғыстау, Ақтөбе, Түркістан, Алматы, Қызылорда облысынан, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің, Төтенше жағдайлар министрлігі

№52859 әскери бөлімінің және Ұлттық ұлан қызметкерлері екі ай бойы аянбай еңбек етті.