Құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өз бетінше шектеу жөніндегі онлайн қызмет іске қосылды. Алғашқы айда оны 40 мыңнан астам ел азаматы пайдаланған. 36 765 адам EGOV mobile порталы арқылы онлайн өтініш берсе, 3398-сі өтінішті қағаз түрінде қалдырған. Ал, республика бойынша тек 13 адамға "құмар ойынына патологиялық тарту» диагнозы қойылған.