Өңірде облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес компанияларының өкілдерімен жиын өтті. Сондай-ақ шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек селекторлық режимде қатысты. Жиынның мақсаты - жоғары білім беру ордасын ұлттық компанияның корпоративтік ғылыми-индустриялды орталығына айналдыру. Іс-шарада облыс әкімі Серік Шәпкенов оқу ордасының мұндай орталыққа айналуы білімгерлер мен оқытушылардың оқуына, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына, өңірде таланттардың тұрақтауына мүмкіндік беретінін айтты.