Атыраулық 16 азамат Семей қаласында орналасқан, Төтенше Жағдайлар Министрлігінің әскери бөліміне аттанды. Олар енді бір жыл бойы №68303 деп аталатын әскери бөлімде Отан алдындағы борыштарын өтейді. Осыған орай, бүгін жергілікті департамент өкілдері мен басшылық құрам, сондай - ақ ата - аналар сарбаздарды салтанатты шығарып салу рәсімін өткізді.