Биыл Атырау халқының игілігіне бес медициналық пункт және бір фельдшерлік акушерлік пункт пайдалануға беріледі. Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысына сәйкес медициналық пункт Махамбет ауданының Еңбекшіл, Көздіқара, Аққайың ауылдарында, Жылыой ауданы Қарағай ауылында, Қызықоға ауданының Айдын ауылында салынуда. Ал фельдшерлік акушерлік пункт құрылысы Исатай ауданы Аққыстау ауылы Өркен мөлтек ауданында жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті.