Жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдыларына бейімдеу мақсатында мамандарды «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруда. Бұл жоба ЖОО түлектеріне, жұмыс іздеушілерге, жұмыссыздарға, жұмыспен қамту орталығына тіркелгеніне қарамастан, жиырма тоғыз жастан асқан жастар, оның ішінде NEET санаттары, жұмыс тәжірибесі жоқтар арасында жүзеге асырылады. Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерді жұмысқа орналастыру кәсіптік білім туралы дипломда көрсетілген немесе білім беру профиліндегі ұқсас мамандыққа сәйкес жүзеге асырылады. Жобаға қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгінуі керек.