Енді елімізде бірқатар ғимаратта ойын автоматтарын орнатуға тыйым салынбақ. Бұл жайындағы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайылов жауап берді. Ойын бизнесі саласында мемлекеттік реттеуді қатаңдату мақсатында ойын бизнесі, лотерея қызметі саласындағы заңнамаға, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін заң жобалары әзірленді. Заң жобаларында қазақстандықтарды құмар ойындардың теріс ықпалынан қорғауға бағытталған бірқатар норма қарастырылған». Дегенмен бұл норма ойынқұмарлықтың қара бұлтын сейілте ме? Әріге бармай-ақ өңіріміздегі ойын құмарлар өміріне қалай қауіп төндіруде? Толығырақ тілші тарқатсын.