Атыраулық жоғары оқу орындарының студенттері университетті екі дипломмен аяқтауға мүмкіндік алмақ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласын дамыту бағытындағы тапсырмаларына сәйкес еліміздің әр
өңірінде шет елдің ең үздік университеттерінің
бөлімшелерін ашу көзделіп отыр. Мәселен Қазақстандағы
Woosong Білім беру қорының өкілдігі, Global «SAPA»
халықаралық білім беру орталығы атыраулық оқушылар мен
жоғары оқу орындары студенттерінің, сондай-ақ мектептердің
пән мұғалімдері мен колледж оқытушыларының біліктілігін
арттыруды жоспарлауда. Шығыстың ең үздік оқыту моделін таратумен айналысатын білім беру қоры қазақстандық оқушылар мен мұғалімдердің білімін жетілдірумен айналысады. Global
«SAPA» халықаралық білім беру орталығы аймақтардағы
жоғары оқу орындарында Оңтүстік Корея университеттерімен
ынтымақтастық орнату, оқытушы-профессорлар құрамын
Қазақстанға алып келу және отандық мамандарды шетелде
оқытуды көздеп отыр. Осыған орай Global «SAPA» халықаралық білім беру қоры өкілдерінің Атырау облысына жасаған іс сапары облыстық Білім беру басқармасы және «Өрлеу» кәсіби даму институымен меморандум жөнінде қол қоюмен қорытындыланды.