Өңірде эпиджағдай күрт нашарлады. Соңғы 10 күнде вирусты 400-ге жуық адам жұқтырған. Дерт әсіресе, Жылыой ауданында ушыққан. Қазір үй карантининде 128,модульдік ауруханада 124, аудандық инфекциялық стационарларда - 14, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 93 адам ем қабылдауда. Бағалау матрицисына сәйкес, өңір "сары" аймақта қалып отыр.