Дендеген дерт әлі де сейілмер емес. Аты жаман ауруды тағы 20 адам жұқтырды. Оның 11- і Атырау қаласынан. Ал қалғандары скринигтен өту барысында анықталды. Жағдай аудандар да күн санап ушығып барады. Қызылқоға, Исатай, Индер,Махамбет аудандарында 2-кі адамнан, ал Жылыойда 1 жағдай тіркеліп отыр. Олардың 4- уі ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінсе, екеуі инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болса, біреуінен скринигтен өту барысында белгілі болды. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, хаттамаға сәйкес ем қабылдауда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар тексерілуде.