Кезінде асаба болып той-бизнестің ортасында жүрген Арман қайын жұрты тұратын Ақтерек ауылының мектебіне көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі болып орналасады. Өз ауылынан қатынап жұмыс істеп, жолдан шаршаған ол уақыт өте келе ата-енесінің үйінде көп кідіре бастағанын өзі де байқамай қалады.

Телехикаяда ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, өмір салты шынайы бейнеленген.