Аралбай Камшат Жәнібекқызы 2003 жылы 19 сәуірде, Атырау облысы, Сағыз ауылында дүниеге келген. Ол А. Өміров атындағы балалар саз мектебінің баян бөлімін үздік аяқтап, музыкалық қабілетін ерте жастан дамытқан.
2020 жылы жалпы білім беретін Сағыз орта мектебін бітірген соң, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, аталған факультетті үздік дипломмен аяқтады.
Камшат музыкалық аспаптарға және шет тілдерін меңгеруге ерекше қызығушылық танытады. Оның өмірлік ұстанымы — адам баласын сыйлау және өзіне сену.