Хамидулла Абылай Ғаділжанұлы 1994 жылдың 17 желтоқсанында Атырау облысы, Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылында дүниеге келген. 2001-2012 жылдары Новобогат орта мектебін тәмамдаған соң, Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Журналистика және саясаттану факультетінде «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын республикалық қоғамдық-саяси газет-журналдарда тілші, шеф-редактор болып бастаған ол кейін «Қазақстан» РТРК АҚ «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасы, таңғы-ақпараттық бағдарламалар дирекциясының редакторы, шеф-редакторы, продюсері қызметтерін атқарған. Негізгі жұмысымен қатар, көптеген саяси-әлеуметтік, спорттық-музыкалық бағдарламалардың сценарисі болып, продюсерлік еткен.