ІЗМАҒАНБЕТОВ БАҒДАТ МӘДИҰЛЫ 1987 жылдың 1 наурызында БҚО Ақжайық ауданы Қарағай елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын 2005 жылы «Жайық үні» қалалық қоғамдық-саяси газетінде журналист және жарнама менеджері ретінде бастады. Әр жылдары ТДК-42, «Қазақстан-Орал», «Еуразия бірінші арнасы», «Жайық Пресс» медиахолдингі, «QAZAQSTAN» ТРК Атырау филиалы сынды ақпарат құралдарында жауапты қызметтер атқарып, жаңалықтар редакторы, жүргізуші, меншікті тілші, бас редактор және директор лауазымдарында еңбек етті.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметін басқарды, «AQ JOL» Қазақстанның демократиялық партиясының БҚО филиалында төраға орынбасары болды және облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды (VII шақырылым).

Журналистика және медиа саласында бірқатар марапаттардың иегері. Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген, ағылшын тілін орташа деңгейде біледі.