Мухитанова Райхан Тельманқызы 1989 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2007 жылы Орал қалалық Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп - гимназиясын аяқтаған. 2007- 2011 жылдары Еуразия академиясы "Шет тілдері" факультетінде "Аударма ісі" мамандығы бойынша жоғары білім алған. 

Оқушы, студент кезінен қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, мектепішілік "Алтын ұя", кейін студенттік "СЕН" газетінің редакторы болған. 

2011 - 2013 жылдары "Ақжайық" (сол жылдары "Қазақстан - Орал") телеарнасында қызмет атқарған. 

2015 жылдан бастап "Атырау" телеарнасында жұмыс жасайды. 

2015- 2016 жылдары - "Жаңалықтар" бөлімінің редакторы, 

2016 жылдан бастап "Атырау" радиосының редакторы қызметінде.