Төлеуғали Асыл Жанболатқызы

Атырау облысы Исатай ауданы Нарын селосында 2002 жылы 24 ақпанда дүниеге келген.

2015 жылға дейін Нарын орта мектебінде білім алып, 2015 жылы Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясына журналистика мамандығына оқуға түсті. 2019 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына теледидар режиссері мамандығына жоғары оқу орнына түсіп, 2023 жылы қызыл дипломмен оқуын аяқтады.

2023 жылдың қазан айынан бастап “Қазақстан” РТРК АҚ Атырау облыстық филлиалына режиссер ретінде жұмысқа орналасты. Кейін ақпан айынан бастап аға режиссер қызметін атқаруда.

Көптеген жарыстар, фестивальдарға қатысып, жүлделі орындар иемденді. Мамандығына байланысты оқу барысында, қысқа және толық метражды фильмдерде, сериалдар мен теле жобаларда режиссер көмекшісі болып жұмыс атқарды.

Қызығушылығы:

Бос уақытта фильм көріп, кітаптар оқығанды ұнатады.

Өмірлік ұстанымы:

Шешілмейтін түйін жоқ.