Әлихан Базарғалиұлы 2002 жылы 23 тамызда Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылында дүниеге келген.
2020 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті журналистика мамандығына қабылданып, 2024 жылы үздік аяқтады.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы Тақырыптық хабарлар бөлімінде редактор қызметін атқарып келеді. 2023-2026 жылдар аралығында сол бөлімінің шеф-редакторлық лауазымында болды.
11 жасынан мектеп, аудан, облыс аралық көркемсөз оқулары мен ғылыми жоба жарыстарынан жүлделі орын иегері атанды. Аудандық «Абай» «Шәкәрім» оқуларына тұрақты қатысып, Абайдың сексенге жуық өлеңін, екі поемасын, оннан аса қара сөзін жаттаған.
Қызығушылығы:
Қолы қалт ете қалғанда кітап оқу әдетті ісі. Оқушы кезінен кітапқа құмартып, аудындық «Үздік оқырман» сайысынан жүлделі бірінші орынды, облыстан екінші орынды иеленген. Бұдан бөлек қол-өнер бұйымдарымен, әсіресе тері және ағаштан түйін түйгенді ұнатады.
Өмірлік ұстанымы:
Сөйлегенше сөзіңе өзің қожа
Сөйлеген соң өзіңе сөзің қожа
Абай