
1981-ші жылы 29 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген.
Білімі:
1998 – 2004 жж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ( халықаралық журналист);
Жұмыс тәжірибесі:
Телевизия саласында 19 жылдан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын 2004 жылы редактор болып бастаған. «Қазақстан» телерадиокорпорациясында 2016 жылдан бері еңбек етіп келеді. Жаңалықтар бөлімінде тілші, редактор қызметтерін атқарды. «Qazaqstan» телеарнасының эфиріндегі қоғамдық-саяси жобалардың продюсері әрі авторы. 2022 жылдың ақпан айынан бастап «Атырау» телеарнасының директоры.