«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына биыл 14 мыңнан аса турист тамашалуға келген. Биыл бұл көрсеткіш екі есе ұлғайған. Мәселен, жыл басынан бері 18 мыңнан аса саяхатшы өлкенің көрікті жерлерімен , әсем табиғатын көруге келіпті. Осы бағытта өңірге туристтерді тартып, тәжірибе алмасу үшін бірқатар жұмыстар қолға алынды. Солардың бірі - Түркістандағы туризм өкілдерінің жергілікті әріптестерімен іскерлік кездесуі. Жиында «Түркістан – түркі әлемінің рухани орталығы» атты роуд-шоу көрсетілді.