:Жайық өзеніндегі судың деңгейін тексеріп, халықты ақпараттындыру мақсатында Махамбет және Сарайшық ауылдарында командалық-штабтық автокөлік орналастырылды.Қашықтан мониторинг жүргізу үшін камералар орнатылған. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері су мөлшерін есептейтін арнайы белгілерді 2 сағат сайын бақылайды. Кейін бейнебайланыс арқылы республикалық штабқа ақпарат беріледі.