Индер ауданы бойынша тасқын қаупі төніп тұрған ауылдық округтердің бірі Жарсуат. Дәл қазір біз Индер ауданы, Құрылыс ауылындамыз. Мұнда су тасқынына қарсы 6 шақырымға жуық бөгет толықтай қайта жаңартылды. Бөгет бойында тәулік бойы кезекшілік пункттері жұмыс істеп жатыр. Ол үшін Қызылордадан және Тараздан келген 100 ден аса сарбаз бен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Айта кетейік, тасқын болған жағдайда тұрғындарды эвукациялауға Бөдене ауылынан 250 орындық бөбекжай бақша дайын тұр. Бұл ауылда бүгінде бас аяғы 700 тұрғын тұрады.