Мұнайлы өңірдің тарихы тек архивтер мен құжаттарда ғана емес, енді фотосуреттерде де сақталатын болады. Шаһарда "Мұнай және өмір" атты көрме ашылып, онда мұнай-газ саласының қалыптасуы, адамдардың еңбегі мен әр кезеңнің келбетін бейнелейтін ондаған фотосурет көпшілік назарына ұсынылды. Көрме авторларының қатарында өңір тарихын кадр тілімен өрнектеп жүрген фототілшілер де бар.