Армысыздар көрермендер Атырау телеарнасының тікелей эфирінде Қоғам сөзі ток шоуы. Сіздермен Ғасырбек Төлеген.

2022 жылдың 30 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының азаматтарының төлем қабілеттерін қалпына келтіру және банкроттық туралы заңға қол қойылды. Банкроттық бойынша жеке тұлғалардың арыз, өтініштері 2023 жылдың наурыз айынан бастап қабылданылады делінген.

Банкроттық деп танылу дегеніміз не? Бұл санатқа қандай азаматтарды жатқыза аламыз?