Әсем Ақжігітқызы Орынбасарова 1998 жылы 8 сәуірде Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.

2019 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалаврды аяқтады;

2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Халықаралық журналист мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақстан»РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалында телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық бөлімнің редактор-тележүргізуші лауазымында қызмет атқарып келеді.

Қосымша:

Республикалық «Жайдарман» ойындарының жоғары лига ойыншысы.

Қызығушылығы: кітап оқу, зерттеу жұмыстары.

Өмірлік ұстанымы: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп..»