Ботакөз Мирамбайқызы Исатай 2004 жылы 23 сәуірде Атырау қаласында дүниеге келген.

2017 - 2021 жылдар аралығында Атырау облыстық дарынды балаларға арналған Ұлттық гимназияны тәмамдаған.

2021 жылдан бастап 2023 жылдың мамыр айына дейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде оқыған;

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің филология: қазақ филология мамандығының 3 курс студенті.

2023 жылдың желтоқсан айынан “Қазақстан РТРК” АҚ Атырау облыстық филиалында телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық бөлімнің редактор - тележүргізуші лауазымында қызмет атқарып келеді.

Қосымша:

2020 жылғы дәстүрлі форматта өтетін пәндік олимпиадалардан “Қазақ тілі” пәнінің II орын иегері.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2022-2023 оқу жылындағы XXXI ғылыми - теориялық конференциясының I орын жүлдегері.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2023 жылғы “Ел - бүгіншіл, менікі - ертең үшін” атты университетішілік студенттердің I дәстүрлі көрмесінің II орын иегері.

Қызығушылығы: өлең оқу

Өмірлік ұстанымы: Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,

Сонда толық боларсың елден бөлек.