Жұлдыз Қайратқызы 1997 жылдың 18 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Өрел ауылында дүниеге келген.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бүгінде В.Н.Татищева атындағы университетінің магистрі.
Еңбек жолын 2017 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның АОФ «Жаңалықтар» бөлімінің редакторы қызметінен бастаған, кейін «Телепатруль», «Заңгер кеңесі» «Репортер» бағдарламаларының жетекші жүргізушісі болды. 2020 жылдан бастап, «Жаңалықтар» бөлімінің шеф -редакторы қызметіне ауысты. Кейін 2023 жылдың қыркүйегінен бастап, Атырау облысы әкімі орынбасарының баспасөз хатшысы лауазымында қызмет етті.
Марапаттары: «ҚР Халық Алғысы » медалінің иегері. Республикалық Т.Жауыров атындағы сыйлықтың 3-орын иегері. Облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен өткен «Жас журналист» номинациясының иегері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі.
Ұстанымы: Журналистің басты ұстанымы - нейтралитет ал, өмірдегі ұстанымы – еңбек бәрін жеңбек! Әділдік! Шыншылдық! Бастаған ісін соңына дейін жеткізу.
Қызығушылығы: Бала кезінен журналист болуды армандаған. Қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиадаларға, байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Кітап оқығанды, деректі және көркем фильмдер, сұхбаттар көргенді жақсы көреді.