Самғат Қайратұлы 2003 жылы 15 қаңтарда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылында дүниеге келген.

2020 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін журналистика мамандығына оқуға қабылданған. Қазіргі таңда 4 курс студенті.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап "Қазақстан"РТРК" АҚ Атырау облыстық филиалында телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық бөлімнің редактор лауазымында қызмет атқарып келеді.


Қосымша:

2021-2022 жылдар аралығы Ақтау қаласында орналасқан, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 66/56 әскери бөлімінде өз борышын өтеген.

"Үздік сарбаз" және "Ұлттық ұлан қызметінің үздігі" төсбелгісімен марапатталған.


Қызығушылығы: футбол ойнау, атқа міну.

Өмірлік ұстанымы: Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.