Келесі жылдан бастап блогерлер де салық төлеуі тиіс. Әлеуметтік желілерден табыс тауып отырған азаматтар жыл соңында декларация тапсырып, мемлекетке 10 пайыз жеке табыс салығын төлеуге міндеттеледі. Бұл жаңа талап Салық кодексіне енгізіліп, заң жүзінде бекітілді. Қаржы министрі Мәди Тәкиев бұл өзгерістердің мән-жайын түсіндірді. Толығырақ тілші бейнематериалында.