1.Құрманғазыда заңсыз ауланған 417 кг құрайтын бекіре тұқымдас балық тәркіленді

2. Апат айтып келмейді

3."Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" жедел алдын алу шарасы

4. 32 айыппұлы бар шетелдік автокөлік

Төленбеген 32 айыппұлы бар шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды

 27 наурыз күні сағат 11:00 шамасында жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Сергек бейнекамерасы арқылы маркасы Lexus автокөлігін борышкер ретінде анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Тексеріс барысында аталған автокөліктің 1 138 500 теңгеден астам төленбеген 32 айыппұлы бар екені анықталды. Автокөлік жүргізушісіне қатысты хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Атырау қаласындағы көшелердің бірінде қолына пышақ ұстаған белгісіз ер адамның бейнежазбасы таралған болатын.

Аталған мекен-жайдағы хабарлама бойынша барған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 1986ж.т., 1993ж.т., 1994ж.т., 2002ж.т., тұлғаларды анықтап, Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізді.