
НҰРСЕЙІТ НҰРСҰЛТАН БАУЫРЖАНҰЛЫ
Нұрсұлтан Бауыржанұлы Нұрсейіт 2001 жылы 25 сәуірде Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кентінде дүниеге келген.
Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның түлегі. Мектеп қабырғасында жүріп сан мәрте қалалық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанды.
2022 жылы Сүлеймен Демирель атындағы университетін қазақ филологиясы мамандығы бойынша тәмәмдаған.
2022 жылы облыстық «Атырау» газетінде тілші лауазымын атқарды.
2022 жылдың көктемінен бері «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалында жаңалық бөлімінің редакторы әрі тележүргізуші болып жұмыс істеуде.
Нұрсұлтан Бауыржанұлы Нұрсейіт еңбек жолында түрлі марапаттарға ие болды: «Қазақстан» РТРК» АҚ АОФ директорының алғыс хаты(2022), Атырау облысы әкімінің жолдамасы(2022), Жылдың ең үздік жас журналисі марапаты(2022) және т.б.
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ: Мерекелік кештерді жүргізу, бильярд ойнау, гитара, домбырамен ән айту, тамақ пісіру.
ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫ: Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ.