
2001 жылы 2- қыркүйекте Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылында дүниеге келген.
Қызылүй орта мектебінің түлегі. Мектеп қабырғасында жүріп, бірнеше мәрте облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанған.
Еуразия Ұлттық Университетінде филология мамандығы бойынша білім жолын бастаған. Университет қабырғасында білім ала жүріп бірнеше халықаралық конкурстардың жүлдегері атанған. Қазіргі таңда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 4-курс студенті.
2022-жылы еңбек жолын «Қазақстан» РТРК АҚ Атырау облыстық филиалында жаңалық бөлімінің редакторы болып бастады.
Қызығушылығы: Әлем елдеріне саяхат жасау, тігін тігу, тіл үйрену
Өмірлік ұстанымы:
Шындықтан зор палуан жоқ,
Ол жауды да жығады,
Қамалды да бұзады.