2002 жылы 28 маусымда Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласында дүниеге келген.

 2008-2019 ж.ж. аралығында Орал қаласындағы #12 ЖОББМ - білім алды.

2019 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне “Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерін даярлау” мамандығына оқуға түсті. Қазіргі таңда 4-ші курс студенті.

2022 қазан-наурыз айлары аралығында - "Достық" қосымша білім беру Орталығында "Қазақ тілі" пәнінен сабақ беріп,кураторлық қызмет атқарды.

2022 жылдың мамыр айынан бастап “Қазақстан” РТРК” АҚ Атырау облыстық филиалына, тақырыптық хабарлар бөлімінде редактор, тележүргізушсі қызметін атқарады.


 Қосымша:

2019 жылы жас таланттар арасында өткен Республикалық "Әбіш оқулары-2019" байқауында, сахналық қойылым бағыты бойынша - "Үздік әйел образы-2019" номинациясын иеленді.

Республикалық, Облыстық "Фариза", "Абай" оқуларының жүлдегері. 2022 жылы маусым айында Атырау Облыстық Бұқаралық ақпараттар қызметкерлері арасында ұйымдастырылған "Өнерліге өріс кең" көркемөнерпаздар байқауында "Бас жүлде" иеленді.

2020 жылы Халықаралық "Әбу Насыр әл-Фараби-1150 жыл: Әл-Фараби ислам өркениетінің тарихында" атты ғылыми-зерттеу мақаласы Чехия елінде, Прага қаласында басылып шықты. Жетекшісі: Насимуллина А.Б.

Театр және кино саласына белсене араласып, кино/сериал жобаларына қатысады.

Республикалық "Атырау аруы-2022" сұлулық байқауының" финалисті - "Топ-8".