Тасболатова Аружан 2002 жылдың 3 ақпаныңда Атырау облысы Геолог ықшам ауданында дүниеге келген.

2019 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне “Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті” мамандығына оқуға түсіп, 4 курс студенті.

2022 жылдың қазан айынан бастап “Қазақстан “РТРК” АҚ Атырау облыстық филиалына, тақырыптық хабарлар бөлімінде редактор, тележүргізуші қызметін атқарады.

11 жасынан домбыра үйірмесіне және би өнеріне қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.


Қызығушылығы: қолөнермен айналысқанды ұнатады.

Өмірлік ұстанымы: Бұл өмірде жалғыз бақыт – тоқтаусыз алға қарай талпыну